Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

518

0

Облыс әкімінің өкімімен Ақжігітова Индира Сансызбайқызы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
 Индира Ақжігітова 1973 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Физика және информатика» және 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда политехникалық институтының физика және электротехника кафедрасының ассистенті ретінде бастаған.

2001-2005 жылдары «Облыстық білім берудің жаңа технологиялар мен информатизациялау орталығы» МҚК-ның директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің программисті, бас маманы, 2007 – 2017 жылдары облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<