Қызылордада қоғамдық көлік аударылды (видео)

277

0

 Қызылорда қаласында бүгін көктайғақ салдарынан 31 бағыттағы қоғамдық көлік аударылды. Бұл туралы Инстаграм желісіндегі «ZelloKyzylorda» парақшасында жарияланды. Желі қолданушыларының хабарлауынша, жолаушылар аман-есен.
Айта кету керек, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болып, облыстың бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<