Қызылордада үздік құрылысшылар марапатталды

413

0

23 тамыз күні Құрылысшылар күніне орай өткен салтанатты жиында аймақтың үздік құрылысшыларына құрмет грамотасы, алғыс хаттар мен құрметті құрылысшы атағы табысталды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың осы салада қол жеткізген табыстарын атап өтті.
–Құрылысшылардың ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі күні біздің өңіріміз құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатарда келеді. Соңғы бес жылда 200 әлеуметтік нысанды пайдалануға бердік. Жалпы ауданы 2 млн шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 7 мыңнан астам қызылордалықтар қоныс тойын тойлады. Биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысының «Орда» жол картасы жүзеге асырылатын болады. Облыс бойынша 1747 пәтерді құрайтын 69 тұрғын үйдің құрылысы, сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде, –  деді аймақ басшысы.
Қазіргі таңда, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында жеке инвестиция есебінен көпқабатты 18 тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының, МЖК аясында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және мемлекеттік бюджет есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығының, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында аймақта 69 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ауданы 123,3 мың шаршы метр болатын 1747 пәтерден құралады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<