Жаңақорғанда 57 жастағы азамат алғаш рет төлқұжат алды

532

0

Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлеріне 1965 жылы туылған азамат Виноградов Сергей Яковлевич алғыс білдірді.


Ол Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының құжатымен құжаттанбаған.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті құжаттарды жинақтап, құжатын жасап берді.

Өз кезегінде 57 жастағы азаматтың қуанышында шек болмады. Полиция қызметкерлері Рүстемов Нұрболға және оларды басқарып отырған басшыларына ағалық алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<