Жазаларды жеңілдету аясында тұтқындаудан 1 149 адам босатылды

585

0

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша жазаларды жеңілдету аясында тұтқындаудан 1 149 адам босатылды, құрамның болмауына байланысты 393 әкімшілік іс тоқтатылды.


Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.


Оның айтуынша, бүгінгі таңда соттар қаңтар оқиғаларына байланысты 9257 әкімшілік істі қарады. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданбай қаралды. Яғни, 4584 адам ескертумен ғана шектелді.


«Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініші бойынша 1149 адам қамауға алудан босатылды, 577 айыппұл ескертулерге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамның болмауына байланысты толығымен тоқтатылды», – деді спикер.


Қазір 63 адам қамауда қалып отыр. Ал 3314 адамды сот әкімшілік қамауға алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<