Жергілікті тауар өндірушілердің мүмкіндіктері артады

272

0

Облыс әкімдігінде облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы мұнай және уран өндіруші компаниялары басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.  Оған облыс әкімінің орынбасары  Е. Ким  төрағалық етті.
Жиында аймағымыздың жер қойнауын пайдаланушы компаниялар төңірегінде сервистік бағытты дамыту үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде шағын және орта бизнестің дамуына қолдау мақсатында  облыс әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторларын белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерлерге жасап отырған қолдауын білдіреді. Соңғы жылдар бедерінде облыстық әкімдік тарапынан  орта және шағын  бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы  жағдайлар жасалып келеді. Бұл кәсіпкерлердің өз жұмыстарын жандандыруға мол мүмкіндік екені анық.

Қызылорда облысының  

индустриялық-инновациялық даму басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<