Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды: екі адам көз жұмды

527

0

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2 қарашада Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесінде Toyota Hilux және ВАЗ-2107 маркалы автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.


https://polisia.kz/qyzylorda-oblysynda-zhol-kolik-oqighasy-oryn-aldy-eki-adam-koz-zhumdy/?fbclid=IwAR23vy6Iafw3Fg7VdvqAf7ZeEAc3zZEj_Dy7Ve5uTkAgQjX5_wNTijxP5EU

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<