Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды

741

0

Қызылорда облысында полицейлер көшеден заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында қару ұстап келе жатқан 22 жастағы тұрғынды тоқтатты.

«Тексеру барысында тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 16 калибрлі қос ауыз аңшы мылтығы анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Онда ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаметінен.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<