Такси жүргізушісі жолаушының көлікте қалдырып кеткен телефонынан өзіне ақша аударған

606

0

Нұр-Сұлтанда өзінің клиентінің көлікке қалдырып кеткен телефонынан мобильді банкинг арқылы ақша аударған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдарына елорда тұрғыны хабарласып, өзінің такси салонында телефонын қалдырып кеткенін айтқан. Ал бір тәуліктен кейін, яғни телефон табылған соң «Сбербанк» қосымшасы арқылы телефонынан 143 880 теңге көлемінде ақша аударылғанын білген.

Тексеру барысында мәлім болғанындай, 24 жастағы «пысық» жүргізуші көлігінің салонынан телефон тауып алған соң, ондағы ақшаны өзіне аударып алмақ болған. Құпиясөзді сұрағанда, «құпия сөзді ұмыттым» деген белгіні басқан.

«Ұрлық» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментін мұндай жағдайға тап болған кезде бірден банкке хабарласып, картаны бұғақтап, артынан полицияға хабар беру қажеттігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<