Жаңарудың жаңа белесі

1454

0

«Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды.

Праймериздің негізгі мақсаты – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға алдағы өтетін сайлауларда партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін әділетті сайыс негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау. Әлемдік тәжіриебеге сүйенсек, ең алдымен, праймериз процедурасы партияларға өз кандидаттарының әлеуетін бағалауға және олардың арасынан электоралды тұрғыдан неғұрлым бәсекеге қабілеттілерін анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бір партия ішіндегі кандидаттардың ұстанымдарын ортақ бөлімге келтіруге әрі негізгі сайлауға ұсынылған кандидатты қолдаудың бірыңғай жүйесін жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа праймериз форматына сәйкес партия мүшесімен қатар, партияда жоқ азаматтар да өз бағын сынай алады, ол үшін праймеризге қатысуға өтініш  бергеннен кейін партия қатарына өтуі міндетті. Осылайша, партия  мен  жалпы халық арасында тура және кері байланысты нығайта түсеміз. Нәтижесінде, партияның идеялар қоржыны тың ойлар, сындарлы ұсыныстар және инновациялармен толыға түспек.

Елбасының тапсырмасымен партиялық тізімдердің құрамында әйел азаматтардың үлесі кем дегенде 30 пайыз, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыз болуы қажет. Сондай-ақ, қоғамның  басқа да әлеуметтік топтары өкілдерінің мүдделері ескерусіз қалмайды. Партияішілік іріктеу бәсекелестікті ынталандыру  өңірлерден мүлдем жаңа есімдерді анықтауға бағытталып отыр десек қателеспейміз.

Қорыта айтқанда, Праймериз – «Nur Otan» партиясының жаңару жолындағы маңызды элементі, партияішілік демократияның тіректі тетіктерінің бірі.

Бейбіткүл КӘРІМОВА,

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің ректоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<