«Сұңқар» табиғатты қорғау акциясы басталды

528

0

 «Охотзоопром» РМҚК Қызылорда филиалы «Сұңқар» атты кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы төңірегінде құзырлы органдармен бірлескен талқылау жиыны өтті. Күн тәртібінде акция төңірегіндегі табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру мәселесі қаралды.

«Охотзоопром» РМҚК-ның Қызылорда филиалы басшысы Расул Маханов аумақтық филиалдың жыл басында бекітілген бірлескен жоспарға сәйкес 1 тамыз бен 15 қазан аралығында жүргізілетін «Сұңқар» атты кең ауқымды акциясы төңірегінде табиғатты қорғау шаралары туралы кеңірек айтып берді. Оның айтуынша, облыс аумағында іс-шара жоспарына сәйкес, табиғатты қорғау жұмыстарына арнайы мобильді топтар құрылып, үш бағыт бойынша тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ, акция барысында 11 автокөлік, 25 инспектор, 6 мобильдік топ жұмылдырылып, ауқымды жұмыс жүргізілетіндігіне ерекше тоқталып өтті.

Отырыс барысында іс-шара аясында анықталған құқық бұзушылық деректері бойынша мәліметтерді бұқаралық ақпарат көздерімен жариялау мәселесі, заң бұзушылық деректерді анықтап, алдын алу мақсатында тосқауыл бекеттерін қою мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен, облыстық полиция қызметкерлерімен бірге сұңқар тектес құстарды заңсыз аулау, тасымалдауды ұйымдастырытын азаматтарды анықтау жөнінде мәліметтер алмасып, жедел іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері келісілді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<