Балық өліміне жол бермейік

653

0

          Қазіргі таңда, Қызылорда облысы бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінен басқа 207 су айдындары бар. Олардың 185 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген, ал 22 резервте. Осы су айдындарында қыс мезгілінде мұздың қатуына, мұз астында ауа жетіспеуіне байланысты, балықтарға тікелей қатер төнеді, яғни оның алдын алмаған жағдайда балықтардың өліміне әкеліп соғады.

Осы жағдайларға байланысты Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан облыс көлеміндегі су айдындарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес, қыс мезгілінде балықтардың қырылуына жол бермеу және оның алдын алуға тиісті шаралар жүргізуге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан  Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-і  «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» Заңының 27-бабының 2-тармағының 1-тармақшасында жануарлар дүниесін пайдаланушылар:

   – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы  Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;

  – 5  – тармақшасында:

  – жануарлар мекендейтін ортаның нашарлауына жол бермеуге;

  9 – тармақшасында:

  – шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды жүргізуге міндетті делінген.

      Табиғат пайдаланушылар өздеріне бекітілген су айдындарында  үкілер ойып, оларға қамыстар қойып, яғни осы тәсілдер арқылы мұз астына ауа кіретін қуыс түзіледі. Оттегі тапшылығы туындамау үшін мұздың қалыңдығын ұдайы тексеріп отыру керек.

     Ал резервтік қордағы су айдындарында балық өліміне жол бермеу және мониторинг жасап отыру  балық шаруашылығы инспекциясына жүктелген.

Алдағы уақыттың еншісінде, Инспекция қызметкерлері табиғат заңдылықтарын бұзуды болдырмау мақсатында атқаратын іс-шаралардың ауқымын азайтпақ емес. Балық қорын сақтап, қорғап және қамқорлық жасау мемлекеттік инспекторлардың ғана емес, бабаларымыздан жалпымызға қалған аманат екенін ұмытпайық.

        Ғ. Ермағанбетов,

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы       

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<