Өсімдіктерді қорғау- адамзаттың міндеті

704

0

2023 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер дүниесі туралы» № 183-VII ҚРЗ Заңы қабылданды.

Бұл Заң «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасын, 7-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасын, 10-баптың 3) тармақшасын, 11-баптың 4) тармақшасын, 27-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 34-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасын, 42-баптың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (бұл арада 6 наурыз 2023 жылдан бастап).

Осы орайда Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аталған Заңды жергілікті тұрғындарға төмендегідей түсіндірме жасайды.

Заңда өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.

Өсімдіктер дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Мемлекет Қазақстан халқының атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

Жеке меншіктегі жерлерде өсетін өсімдіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеменшік субъектілері пайдалана алады (4-бап).

Мыналар:

1) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік, дәрілік, өзге де өсімдік түрлері;

2) дайындалған (жиналған) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;

3) жасыл екпелер;

4) ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары;

5) өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары өсетін жерлер өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері (бұдан әрі – реттеу объектілері) болып табылады.

Осы Заңның ережелері ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне және үй жанындағы учаскелерде, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бақ шаруашылығына, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған учаскелерде өсетін өсімдіктерге қатысты қолданылмайды (5 бап).

Жеке және заңды тұлғалардың:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және аумақтарды күзетудің ерекше режимі белгіленген мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерге еркін баруға және онда болуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалануға;

3) осы Заңға сәйкес өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың:

1) дайындалған (жиналған) өсімдік ресурстарына, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін кірістерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуге де;

2) өсімдіктер дүниесін пайдаланушылардың құқықтарын бұзудан не мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан келтірілген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге де құқығы бар.

Жеке және заңды тұлғалар:

1) жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын жоюға және бүлдіруге, заңсыз жинауға жол бермеуге;

2) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға және өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етуге жол бермеуге;

3) табиғи өсімдіктер қауымдастықтарының тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әралуандығының сақталуына ықпал етуге;

4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде өзге табиғи объектілер жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге;

5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

6) өсімдіктер дүниесін пайдалануды жүзеге асыру кезінде өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті.

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:

1) жердің, су объектілерінің бекітіліп берілген учаскелерінде өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізуге де;

2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес уақтылы енгізуге де міндетті.

3. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді атқарады.

Жергілікті атқарушы органдар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушылар, өсімдіктер дүниесін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін өрттен күзетуді жүзеге асырады.

Өсімдіктер өсетін жерлерде өрт туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушылар, өсімдіктер дүниесін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды оқшаулау және сөндіру жөніндегі шараларды дереу қабылдайды.

Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

1) жалпыға ортақ пайдалану тәртібімен: (өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалану, өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық, туристік мақсаттар үшін пайдалану).

Өсімдіктер дүниесін жалпыға ортақ пайдалану өтеусіз және тиісті рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.

2) арнайы пайдалану тәртібімен: (өсімдіктер дүниесін мал шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану, өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану).

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төленген және осы Заң мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында хабарлама жіберілген жағдайда жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалар, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоспағанда, жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жинау мақсатында өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалануды жүзеге асырады.

Жеке тұлғалардың жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жеке және үй жағдайында қолдану үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органының шешімімен бекітілген нормалар шегінде жинауына рұқсат етіледі.

Жайылым учаскелерінде мал шаруашылығының мұқтаждары үшін өсімдіктер дүниесін пайдалану жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің белгіленген шекті рұқсат етілген нормалары мен жайылым айналымының схемалары ескеріле отырып, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өсімдіктер дүниесін жемшөп дайындау, шөп шабу мақсатында пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің, су қорының, мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың осы үшін арнайы бөлінген учаскелерінде жүзеге асырылады.

Өсімдіктер дүниесін балара шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде және өзге де жерлерде меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен келісу бойынша жүзеге асырылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен лимиттер шегінде жүзеге асырылатын, жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану және қайта өңдеу өнімдерін алу үшін оларды дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану қатаң белгіленген мерзімде және өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмейтін тәсілдермен жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық мұқтаждар үшін жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) олардың популяциялары мен қауымдастықтарының, сондай-ақ олар өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық мұқтаждар үшін жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді сол бір қопада қайта дайындауға (жинауға) олар толық қалпына келгеннен кейін ғана жол беріледі.

Бұл ретте дәрілік өсімдіктің түріне және оның географиялық өсу жағдайларына қарай біржылдық өсімдіктердің гүлшоғырларын және басқа да жерүсті органдарын – бір қопада екі жылда бір реттен жиілетпей, көпжылдық өсімдіктердің жерүсті органдарын – төрт – алты жылда бір реттен жиілетпей және олардың жерасты органдарын он екі – жиырма жылда бір реттен жиілетпей дайындауға (жинауға) жол беріледі.

Өсімдік ресурстарын: жемістерді, жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, сондай-ақ тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру үшін пайдаланылатын жекелеген өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін азық-түліктік мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

Құрылыс және қаптама материалдарын, малмалар мен бояғыштарды, кәдеге жарату мақсатындағы бұйымдарды, кәдесыйларды өнеркәсіптік өңдеу, өндіру және өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын жабайы өсетін өсімдік ресурстарын дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін техникалық мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

Жабайы өсетін өсімдіктердің популяциялары мен қауымдастықтарына антропогендік жүктемені азайту, олардың деградациялануын болғызбау, сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің қажеттіліктерін тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында осындай өсімдіктерді плантациялық өсіру жүзеге асырылады.

Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Айбек Жолақанов,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының

бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<