Қыш дастархан туралы не білеміз?

414

0

Жанкент өз жәдігерлерінің жаңғырығымен жалпақ жұрттың өткеніне көз тастауына, ой салуына мүмкіндік беріп отыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне ортағасырлық Жанкент қалашығынан әкелінген экспонаттар ішінде екі керамикалық бұйым ерекше көзге түседі. Шеңбер формасында жасалған, артқы бөлігінің қақ ортасынан қуыс тостаған тәрізді биік тұғыры бар. Бұйымның жоғарғы беті тегіс жылтыр, көп кездесе бермейтін археологиялық олжа қатарына жатады.

Бұлардың тұрмыста қалай пайдаланылғаны туралы музейдің ғылыми қызметкерлері екі түрлі болжам жасап отыр. Бірінші нұсқа – үстіңгі тегіс беті ас ішуге арналған сол заманның керамикалық дастарханы десек, екінші нұсқа – оғыз әйелдері ас дайындау кезінде қамыр жаюға пайдаланған, қазіргі нантақтай рөлін атқарған деуге болады.

Музей қызметкерлері мен археолог ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, керамикалық дастархан деген нұсқаға тоқталды. Екі керамикалық дастарханның өлшемі екі түрлі. Материалының  түсі қызғыш оғыз стилінде жасалған. Көлемі үлкен, диаметрі – 123 см, биіктігі – 15 см, тұғыры – 12,5 см. Екіншісінің диаметрі – 117 см, биіктігі – 15 см, тұғыры – 12,5 см. Қос дастарханның артқы бөлігі геометриялық ою-өрнекпен безендірілген.

Бұлардың тұрмыста қалай пайдаланылғаны туралы музейдің ғылыми қызметкерлері екі түрлі болжам жасап отыр. Бірінші нұсқа – үстіңгі тегіс беті ас ішуге арналған сол заманның керамикалық дастарханы десек, екінші нұсқа – оғыз әйелдері ас дайындау кезінде қамыр жаюға пайдаланған, қазіргі нантақтай рөлін атқарған деуге болады.

Музей қызметкерлері мен археолог ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, керамикалық дастархан деген нұсқаға тоқталдық. Екі керамикалық дастарханның өлшемі екі түрлі. Материалының  түсі қызғыш оғыз стилінде жасалған. Көлемі үлкен, диаметрі – 123 см, биіктігі – 15 см, тұғыры – 12,5 см. Екіншісінің диаметрі – 117 см, биіктігі – 15 см, тұғыры – 12,5 см. Қос дастарханның артқы бөлігі геометриялық ою-өрнекпен безендірілген.

Жанкенттен табылған керамикалық бұйымдар жасалу тәсіліне байланысты үш түрге бөлінген. Олар – Хорезм стиліндегі керамикалық бұйымдар, Жетіасар мәдениетінің керамикалық бұйымдары, оғыз тайпалар мәдениетінің керамикалық бұйымдары. Ұлы Жібек жолында жатқан  сауда-саттықтың үлкен қаласы Жанкенттен табылған бұйым музейдің құнды жәдігері болып «Қасиетті Қазақстан және археология» залына орналасқан.

Қазақ халқы дастарханды қадір тұтқан, қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Дастархан басына ас ішуге ғана емес, отбасылық, тіпті ел басындағы мәселелерді шешуге жиналған. Сондықтан халық оны қасиет тұтады. «Дастархан дәмі – киелі. Дәм татып, келісім бұзса, астың киесі ұрады» деген сенім бар.

Дастарханның дөңгелек пішіндес келуі космогониялық наным-сеніммен тікелей байланысты. Оғыз заманынан бастау алған дөңгелек үстелдер қазақ қоғамында бүгінгі күнге дейін пайдаланылуда. Оған дәлел әрбір қазақ шаңырағында кездесетін жоза (жозы) үстелдер. Қазір үлкен ғылыми-танымдық жиындар да «дөңгелек үстел» деген атаумен ұйымдастырылып жүргені баршамызға мәлім. Бұл дөңгелек формасының жиынға қатысушыларға тең құқық беретінін, өз ойларын ортаға еркін және тең құқықта жеткізуін білдіреді.  

Музей залындағы оғыз тайпасы өкілдері ас ішкен керамикалық  дастархан бүтіндей сақталып, Сыр жұртшылығының көз қуанышына айналып, ғылыми-зерттеулерге негіз болуда.

Ләззат ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ,    

облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз