Сыр бойындағы қасиетті орындар

6455

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей, рухани жаңғыру халқымыздың өткен жолын және бүгінгі жасампаз істерін болашақпен жалғастыру мақсаттарын қояды. Ұрпақтар жалғастығын сақтау – өткен ұрпақтың ізгі істері мен озық дәстүрлерін құрметтеп, ел тарихы мен мәдениетінің, дәстүрлерінің көзден таса қалған, бағаланбаған қайнарларын ашуға қызмет етеді. Бұл бағытта жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналатын шаралар қатарында «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының маңызы атап көрсетілді.

Елбасы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық бел­деуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақ­тап, аман алып шығатын сим­вол­дық қалқанымыз әрі ұлттық мақ­танышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» деген болатын.

Еліміз бойынша 2017 жылдан бастап Қазақстанның қасиетті жер­лерін анықтау және оның тізімін жасақтау жұмысы қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақ­стан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақ­стан» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізуде. Сол 2017 жылдың өзінде еліміз бойынша 100 жалпыұлттық және 500 өңірлік маңызы бар қасиет­ті орындар іріктеліп алын­ды. Осы аталған орталықтың ұйым­дастыруымен елімізге белгілі ғалым­дар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, археологтар, этно­граф­тардың қатысуымен  киелі жер­лерді зерттеудің ғылыми жүйесі құрылып, зерттеушілер басшылыққа алатын нұсқаулықтар жасалды.

Осыған сәйкес, «Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерлейтін табиғи-мәдени мұра, діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жа­дында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар тізімдері іріктелген бола­тын. Сонымен қатар, осы санатқа Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірін­де маңызды орын алатын, ұлт­тық бірлік пен жаңғыру нышаны ретінде көрінетін нысандар мен Қазақ тарихында астана деңгейіне жеткен ежелгі және ортағасырлық қалашықтар кірді.

Республикалық сараптамалық кеңес­тің шешімімен қасиетті орындар жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар болып бөлінді. Барлық киелі немесе қасиетті деген нысандар бес топқа жіктелді:

1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлкекет қорғауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.

2. Археологиялық ескерткіштер және ортағасырлық қалалық орта­лық­тар. Бұл топқа қалашықтар, бекініс­тер, петроглифтер, қорымдар, халқымыздың қалыптасуына ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы болған ежелгі және ортағасырлық қалалар кіреді.

3. Діни және ғибадат санатындағы орындар. Мұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуір­дегі аттары аңызға айналған, көне түркі және ортағасырдағы, сонымен бірге ХІХ аяғы ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.

4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тари­хында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр-билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, от ауызды орақ тілді ел мен жердің дауын шешкен билер, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын­дар, ғалымдар, ағартушылар тура­лы мәні зор орындар алынып отыр.

5. Саяси, тарихи оқиғаларға бай­ла­нысты қасиетті орындар. Қа­зақ даласында қазақ халқының бір­лігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін біл­діретін ескерткіштер мен ел жадына өшпес із қалдырған қасиетті орындар және қоғамның, мемлекеттің тари­хын­да ерекше орны бар мемлеке­ті­міз­дің жаңа нышандары еніп отыр.      

Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы облыстық мәдениет басқармалары мен тарихи-мәдени ескерт­кіштерді қорғау жөніндегі меке­мелермен және тарихи-өлкетану му­зейлерімен, рухани жаңғыру орта­лығының мамандарымен бірлесе арнайы жұмыс топтарын құрып, жер­гілікті жерде халық арасында танылған қасиетті де киелі жерлердің тізімін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Осы бағытта облыс әкімдігінің жанынан құрамында тарих­­шылар, археологтар, өлке­тану­шы­лар мен журналистер, ақындар, өнер­танушылар мен ғалымдардан құралған арнайы жұмысшы тобы құрылған болатын. Осы уақытқа дейін облысымызда осы жұмысшы топтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, бірлескен отырыстар ұйымдастырылды. Жұ­мысшы топ­тың бастамасымен барлық киелі не­месе қасиетті деп танылатын орын­­дар іріктелді. Дегенмен, «Қасиет­ті Қазақстан» орталығының талап­­тарына сай құжаттары мен аңыз-әфсаналары, сапалы суреттері мен нақты координаттары, нысан­дардың инфрақұрылымдық жағ­дайлары ескерілуі шарт еді. 2017 жылы облысымыздан 63 нысан іріктеліп, құжаттары қазақ және орыс тілінде толық қамтамасыз етілгенімен, респуб­ликалық комиссиядан олар­дың 47-сі ғана өткен. 2018 жылғы жұмыстың жалғасы ретінде аймақтағы 25 нысан республикалық сараптамаға жіберілді. Барлық ізденістеріміздің негізінде қазіргі таңда облыс бойынша 72 нысан қасиетті орындар тізіміне еніп отыр. Бұл бағытта жұмыс жасаған барлық әріптестерім мен өлкетанушыларға, мәдениет және мұрағаттар басшылығына, осы ба­ғыт­та қолдау танытқан аудандық мә­дениет бөлімдері мамандарына, музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.

Оның нәтижиесі бойынша жал­пыұлттық деңгейдегі 100 қасиетті нысанның тізіміне Қызылорда облы­сынан 12 нысан:

р/сҚасиетті орындар атауыОрналасқан жеріУақыты
1Бегім ана мұнарасыЖаңақұрылыс кеңшарынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымІХ-ХІ ғ.ғ.  
2Жанкент қалашығыӨркендеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метрV-ХV ғ.ғ.
3Жанқожа батыр жерленген жеріКәукей ауылынан батысқа қарай 125 шақырым1969 ж.
4Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай)Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым1980 ж.
5Қазан богородный шіркеуіТоқтыбаев көшесі, 51890-1895 ж.
6Шірік-рабат қалашығыКөмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 87 шақырымб.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
7Жент қалашығыАққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымV-ХVІІ ғ. ғ.
8Оқшы ата кесенесі  Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымХІ ғ.
9Сығанақ қалашығыСунақата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымда орналасқан.VІ-ХІХғ.ғ.
10Қорасан ата кесенесіЖаңарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырымХІХ ғ. аяғы
11Төлегетай-Қылышты ата кесенесіҚыркеңсе ауылынан оңтүстікке қарай 7 шақырым2008 ж. (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)
12Бұқарбай батыр кесенесіҚаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырым1993 ж.

Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар мен табиғи ланшафты аймақтар тізіміне 60 нысан республикалық сараптамадан өтіп қасиетті орындар тізіміне енгізілді.

р/сҚасиетті орындар атауыОрналасқан жеріУақыты
1Айқожа кесенесі  Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай                6 шақырымда орналасқанХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.
2Айтбай мешіті  Қызылорда қаласы, Сәтбаев көшесі, 181878 ж.
3Ақтас мешіті  Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан1884 ж.
4Алатағы әулие жерленген жерШиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқанОрта ғасырлар
5Арал асар қалашығы  Арал ауданы, Қаратерең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай  65 шақырымХІV ғ.
6Арыстан баб зираты  Арал ауданы, Ақбай елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырымIX-XI ғ.ғ.
7Асан ата кесенесі  Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымХVІ ғ.  
8Асанас кесенесі  Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 15 шақырымХVІІ ғ.
9Асанас қалашығы

Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 8 шақырымVІІ-ХV ғ.ғ.
10Ахмет ишан кесенесі

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымХХ ғ.
11Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткішҚызылорда қаласы, Арай ықшам ауданы1998 ж.
12Әбжали ишан мешітіЖалағаш ауданы, Таң ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 121922 ж.
13Әулие Белең ана жерленген жерШиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқанОрта ғасырлар
14Байқоңыр ғарыш айлағыБайқоңыр қаласы1954 ж.
15Бақсайыс ата кесенесі  Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылынан   оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымХVІ-ХVІІ ғ.ғ.
16Баланды ІІ кесенесі  Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымб.э.д. VІ-ІІ ғ.ғ.  
17Барсакелмес қорығыАрал ауданы1929 жыл.
18Бәбіш-Мола ескерткіштер кешеніҚармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырымб.з.д. ІV-ІІ ғ.ғ.
19Беркімбай кәлпе кесенесі  Жалағаш ауданы, Ақсу ауылынан шығысқа қарай 3,2 шақырым1977 ж.
20Бұрынғы қыздар приход училищесі ғимараты (қазіргі дүкен)Қызылорда қаласы, Училищная көшесі, 211878 ж.
21Ғани Мұратбаев мұражайы  Қазалы ауданы, Қазалы қаласының ескі бөлігі, Қорқыт ата көшесі, 24ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.
22Ғанибай мешіті /пионерлер үйі, кітапхана/Қазалы ауданы, Шаляпин көшесі, 17 үйХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.
23Ғанибай үйі,  Қазалы ауданы, № 7 мектептің ауласында.  ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.
24Еңсебай әулие жерленген жерШиелі ауданы, Телікөл өзенінің аяқ тұсында орналасқанХХ ғ
25Есабыз қабірі

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымХХ ғ.
26Жаназар батыр кесенесіШиелі ауданы Сұлутөбе ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым1999 жыл
27Жәрімбет әулие қорымы  Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 13 шақырымХІХ-ХХ ғ.ғ.  
28Жетіасар мәдениетінің кешенді ескерткіштеріҚармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарыб.з.д. І мыңжылдық – б.з І мыңжылдығы
29Иманқұл мешіті

Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 5 үй1908 ж.
30Кескен Күйік қалашығы

Қазалы ауданы, Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырымб.з І – ІХ ғ.ғ
31Көккесене сағанасыЖаңақорған ауданы, Төменарық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымХІ ғ.
32Қалжан ахун мешіт-медресесіСырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырымХІХ-ХХ ғ.ғ.
33Қалқай ишан кесенесі

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырымХІХ ғ.
34Қамбаш көліАрал ауданы, Қамыстыбас  ауылы 
35Қарақұм құрылтайы өткен орынАрал ауданы, Қарақұм ауылы маңында орналасқан1710 жыл
36Қарасопы кесенесі  Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқанХVІІІ-ХІХ ғ.  
37Қармақшы ата қорымы (көктастарымен)Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі, н/з.ХІХ ғ. соңы.
38«Қатын қамал» үңгірі  Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырымХІІ-ХVІІ ғ.ғ.
39Қожан қожа кесенесі  Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 15 шақырымХVІІІ ғ.
40Қожаназар ишан мешіті

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Біржан сал көшесі, 109
ХІХ ғ.
41Түгіскен І-ІІ жерлеу кешендері

Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырымб.д.д. І мыңжылдықтың
І жартысы
42Түмен әулие кесенесі

Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 
4,5 шақырым, Қаракеткен теміржол стансасынан оңтүстік – батысқа қарай 7 шақырым
ХІХ ғ.
43Қосым қожа бейіті  Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жердеХVІІ-ХVІІІ ғ.
44Құлболды ишан кесенесіСырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым2002 ж.
45Мағзаман әулие ескерткішіҚазалы ауданы, Ақсуат ауылдық округінде орналасқан. 2007 жыл
46Мақтұм Сейіт кесенесі  Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым1927 ж.
47Марал ишан кесенесі

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырымХІХ ғ.
48Мәмбет әулие төртқұлағы  Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырымХІХ ғ.
49Молқалан (Молла-Қалан) кесенесіСырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырымХVІ ғ.
50Мүсірәлі әулие кесенесі  Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 4 шақырым2000 жыл.
51Мырзабай ахун мешіті және жерлеу кешеніЖалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауы­лы­нан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырымХХ ғ.
52Ноғай (Нұралы) мешіті /аптека/Қазалы ауданы, Жанұзақов көшесі, 51 үйХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.
53Оразай ишан кесенесі

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа 15 шақырымХVІІІ ғ.
54Өшпес Даңқ мемориалы  Қызылорда қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, н/з1975 ж.
55Сартай батыр кесенесі  Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырымХVІІІ ғ.
56Сауысқандық петроглифтеріШиелі ауданы, Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымқола, ерте темір дәуірлері
57Сейітпенбет әулие кесенесі  Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 шақырымХІХ-ХХ ғ.ғ.
58Сунақ ата кесенесі  Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 шақырымХХ ғ.
59Сырлытам кесенесі  Қармақшы ауданы, Тағай бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырымХІІ-ХІІІ ғ. ғ.
60Сырлытам кесенесі  Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырымХІІІ ғ.

Әрине, бұл жұмыстар 3 жылда жүр­гізілген тынымсыз еңбектің арқасы еді. Алдағы уақытта киелі орын­дарды ақпараттандырумен қа­тар олардың инфрақұрылымын қолға алу мәселесі жолға қойылып келеді.

Сонымен бірге, облыс әкімдігі жанынан 2013 жылдан бастап ғылыми кеңес құрылған болатын. Кеңестің шешімімен облыстық бюджеттен алғаш рет археологиялық зерттеулерге қаржы қарастырылып, 2014-2019 жылдары ежелгі және ортағасырлық Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына және Аралдың кепкен табанындағы Кердері кесенесіне қазба жұмыстары жүргізілуде.

Қазба жұмыстары аясында маңызды мәдени нысандар архео­логиялық қазба жұмыстармен қатар тарихи дерекнамалық зерделеулері жасалды. Осылайша, Сыр өңірінің археологиясы тың деректермен толықтырылуда. Қазіргі уақытта қазба жұмыстарымен ғана шектелмей, археологиялық қазба  нысандарын сақтау, қалпына келтіру шаралары қоса жүргізіліп, табылған құнды жәдігерлер облыстық музей қорын толықтыруда. Алдағы уақытта осы табылған заттар өз аудандарына қайтарылып жергілікті тарихқа қызығатын туристер мен өскелең ұрпақтың бойында ұлт патриотизімін дамытуға, «Ұлы Дала Елі» идеясының жергілікті жерлерде дамуына атсалысса деген тілегім бар. Облысымызда осындай жинақталған мол мұраларымыз бен Қазақ тарихында ерекше орын алатын ежелгі және ортағасырлық  қалашықтарда алдағы уақытта археологиялық парк қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі деген ойдамыз.

Қыпшақ хандығының астанасы, Ақ Орданың астанасы кейін Қазақ хандығының негізгі басқару орталығына айналған ортағасырлық Сығанақ қалашығында қазба жұмыстарымен қатар, толық абаттандыру шаралары жүргізіліп, “SYĠANAQ” стелласы орнатылды. Инфрақұрылымдық әлеуеті артып, келіп тамашалаушыларға жол төселді. Жыл сайын қазба жұмыстары да өз жалғасын тауып келеді. Сығанақ қалашығымен қатар ол жерде әйгілі сығанақтық ғалым Хусам-ад-дин ас Сығанақидың да кесенесі мен басында түнеуханасы да бар. Бүгінгі күні Қазалы ауданындағы Оғыз мемлекетінің астанасы атанған Жанкент қалашығында да осындай шаралар атқарылып келеді. «JANKENT» стелласы орнатылып, жол төселіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Сонымен қатар, 3D қоршау жұмыстары толық аяқталды.

Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы Қорасан ата, Төлегетай – Қылышты ата, Ақтас және Айқожа ишан кесенесі мен мешітіне де келушілер саны артып келеді. Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр зиратына, Беркімбай қалпе, Мәмбет әулие, Мырзабай ахун сынды аталарымыздың басына жыл сайын ас беріліп, келушілер қатары артқан. Олар баба басына құран бағыштаумен қатар олардың ілімдерімен, аңыздарымен сусындап қайтады. Қармақшы ауданындағы Марал ишан, Қалқай ишан, Сейтпенбет әулиелерге, Арал ауданындағы Бегім ана мұнарасына, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр кесенесіне, Шиелі ауданындағы Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулиелерге де ұрпақтары, осы өңірдегі тұрғындармен қатар, шет мемлекеттерден келіп құран бағыштап, алладан тілек тілеп, әулиелерімізге мінәжат етіп қайтады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының екінші кезеңі бойынша шығарылатын «Қасиетті Қазақстан» кітабының ІІІ томына біздің облыстан жал­пыұлттық тізімдегі 12 ескерткіш, өңірлік қасиетті нысандар тізіміндегі 60 нысан және көрікті орындар тізіміне 16 нысан, барлығы 87 нысан енгізіліп жарыққа шықты. Аталған кітаптың тұсаукесері алдағы уақытқа жоспарланып отыр.

Осы ретте айта кету керек, мемлекет қорғауына алынған ескерткіштерге, киелі орындарға баратын халықтың және туристердің саны күннен күнге артып ішкі, сыртқы туризмнің өркендеуіне, өскелең ұрпаққа ұлт тарихын ұлықтауға, құрметтеуге жол ашылатынына сенімдіміз.

Ендігі кезектегі міндетіміз – нысандарды жас ұрпаққа, мектеп оқушылары мен студенттер арасында насихаттау, туристік нысанға айналдыру бағытындағы шараларды кешенді түрде ұйымдастыру. Осы мақсатта облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан өңірдің қасиетті орындары – Қорқыт ата ескерткіш кешеніне, Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Қорасан ата, Оқшы ата кесенелеріне экскурсия, пресс-турлар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.

Облыс әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Жобалық кеңсе» аясында 2018 жылы қасиетті орындарды сандық форматқа көшіру және әлеуметтік желі қол­данушыларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2 жоба – Қызылорда облысы бойынша киелі жерлердің 3D форматтағы интерактивті картасы енгізілген сайт (virtualmap.xyz) ашылса, 150 тарих және мәдениет ескерткішіне QR-код орнатылды.

Аталған жұмыстардың бар­лығы қастер тұтқан киелі орындардың маңызын ашып, жас ұрпақтың бойында патриотизмнің қалыптасуына өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Сыр бойында алып шаһарлармен қатар бабаларымыздың мәңгілік мекен тапқан қаншама кесенелері, пантеондары бар. Қазақ халқы қашанда ол орындарды қасиетті санайтыны анық. Қанша ғасыр өтсе де, қабырғалары сақталып, Ұлы жібек жолының дамуына өз үлестерін қосқан қалашықтар ел мұрасы екендігі даусыз. Оларды зерттеу Отан тарихындағы келелі міндеттердің бірі болса, материалдық-рухани құндылықтарымызды айшықтайтын киелі орын екені белгілі. Халық кие тұтқан бабалар мұрасын біз де келер ұрпаққа ұғындырып, аманаттауға борыштымыз деп білеміз.

Еркебұлан ЕЛЕУОВ,

облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді

қорғау жөніндегі мекеме қызметкері.

«Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша

 Қызылорда облысының кураторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<