«30 күнде 30 баспана»: Ұстаздарға қызметтік пәтер берілді

585

0

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен бастау алған «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының үшінші баспанасы Арал қаласында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, ұйымдастырылған игі бастаманың кезекті шарасында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы республика бойынша №633 үйдің кілтін Арал аудандық орталық мешітіне табыстап, мешіт жанындағы медресенің еншісіне қызметтік пәтер ретінде сыйлады. Яғни, бұл үй – шәкірт тәрбиелеп, болашақ қариларды Құран жаттауға баулитын ұстаздарға арналған.

Айта кейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<