45 градусқа дейін ысиды

173

0

Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстанда аптап ыстық болады. 17-19 шілде күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 18-19 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 ⁰С қатты ыстық болады. Кей жерлерде күн 45 градусқа дейін ысиды деп күтіледі. 18-19 шілдеде күндіз Түркістан қаласында 45⁰С ыстық болады.
18-19 шілде күндіз Шымкент қаласында 40-42 ⁰С ыстық болады деп болжануда. Мамандар 17-19 шілде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 40-45⁰С ыстық болады деп болжап отыр.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<