7 сәуір – геологтар күні

205

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл сайынғы сәуір айының алғашқы жексенбісі геологтардың мерейлі мерекесі. Кен орындарының игерілуі, геологиялық зерттеулердің технологиялары мен әдістерін жетілдіруде геологтардың еңбегі ұшан-теңіз.

Айтулы мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Салтанат Аппазова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының оқытушысы Ербол Серікбаев геология саласынындағы жетістіктерді баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

– Бұл сала мені мектеп кезінен қызықтырды. Жердің асты мен үстін зерттеуге деген ұмтылыс балдырған кезімізден басталды. Сол қызығушылық бізді біраз жетістікке жетеледі. Жеңістерге жеттік. Алдағы жоспарымыз осы мамандықты жетілдіру, дамыту, жаңа өндіріс орындарымен мемарандум жасап, ісімізді ілгерілету, – деді Салтанат Маратқызы.

Геология – дәлелдеуді қажет ететін теория. Бұл салаға келуіме басты себепкер Қаныш Сәтбаев атамыз. Себебі, оның осы саладағы игі істері, төккен тері жас геологтарға үлгі. Мен бұл мамандықты таңдар сәтте бір жетістікке жетсем деген арман болды.

Болашақта көптеген тағылымдаман өтіп саланы жетілдіргім келеді. Алдағы уақытта докторантураға тапсырып, жетістікке жету жолында еңбек еткім келеді,- деді Ербол Әлібекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<