95 жылдық мерейтойға орай сала үздіктері марапатталды

361

0

Бүгін Шиелі ауданының орталық стадионында Қызылорда облысының 85 жылдығы және Шиелі ауданының 95 жылдық мерейтойына орай «Алтын күз – 2023» мерекелік марапаттау шарасы өтті.

Мерекелік шараға Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Абдрахманұлы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында сала үздіктеріне автокөлік, пәтер кілттері табысталды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға мерекелік медаль беріліп, шара эстрада жұлдыздарының қатысумен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде барлық салаларда жаңа бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асып жатқаны өздеріңізге белгілі. Оның ішінде, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Шиелі ауданында да бірқатар тың жобалар жүзеге асырылып, қысқа уақыт ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.


Мәселен, 9 айдың қорытындысымен ауданымыз негізгі 10 макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша аймақта үздіктер қатарынан көрініп, мерейімізді үстем етті. Әсіресі, құрылыс жұмыстарының көлемі – 192 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 175 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 137 пайызға, бюджеттің өз кірістері көлемінің өсу қарқыны – 118 пайызға айтарлықтай артқан.
Бүгінгі мерейлі мерекенің басты себепкерлері диқан қауымның да аяқ алысы жаман емес. Атап айтар болсақ, биыл ауданымыз ауыл шаруашылығы саласы бойынша 31 млрд. 500 млн. теңгенің өнімін өндіріп, табысымыз өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5%-ға артты. Ағымдағы жылы барлығы 30 мың 792 гектар жерге егiс егіліп, негізгі дақыл күріштің көлемі 13 мың 176 гектарды құрады.


Сондай-ақ, егіс көлемі соңғы төрт жылда 3 мың гектарға ұлғайса, күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 500 гектарға дейін көбейтіліп, дала дарабоздарының табысы ұлғайды. Міне, осындай бір қолдың саласындай ұйымдасқан істердің арқасында аудан диқандары егілген егінді күздің жауын-шашынды маусымына ұрындырмай, әр гектарынан 56 центнерден өнім алып, жалпы 73 мың 786 тонна Сыр саласын жинап алды. Елдің ырысы артты, Қырманымыз дәнге толды.
Әртараптандыру бағытындағы шаруалар да назардан тыс қалмай, 5500 гектар жерге көкөніс, бақша, картоп өнімдері егіліп, 183 мың тонна өнім алынды. Әсіресе, аймақ басшысының арнайы тапсырмасымен жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін ұйымдастыру мақсатында көктем айларында 1520 гектар жер толықтай дайын күйінде үлестіріліп, бүгінде тұрғындар мол өнімге қол жеткізді.
Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі еселеніп, барлық түлік мал басы өсіп отыр. Бұл халықтың несібесі артқаны, «Алтын күздің» елге деген берекелі тартуы деп білеміз.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<