Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Ғ.Сүлейменовтің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына арнайы облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы – Каримова Қаламқас Арыстанқызы, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары – Даулет Кәрібайұлы, облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі – Бақытжан Мухаррамұлы қатысты.
Комиссия отырысы барысында ауданымыздағы әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға үлес қосып жүрген бірқатар аналарымыз аудан әкімінің алғыс хатымен және Байқоңыр қаласында ТМД елдерінің қатысуымен өткен Халықаралық «Дружба народов» этносаралық татулық пен мәдениетті насихаттауға бағытталған фестивальда жеңімпаз атанған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ауданымыздың Аналар кеңесі ұжымы арнайы аудан әкімі мен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Комиссия отырысында ауданда әйелдердің жұмыспен қамтылуы және жұмысқа тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, әйелдер арасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, кәсіпкерлік саласына қатысты жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға әйел азаматтарды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысымен қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері мен тиісті сала басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.






