Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында аудан әкімі кадрлық өзгерістерге тоқталып, аудан активіне жаңадан тағайындалған Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығын таныстырды.
«Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабы бастығының бұйрығымен Жағал Бейбіт Жақсыбекұлы Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бейбіт Жақсыбекұлы, Сізге әскери есепке алу, әскерге шақыру науқандарын ұйымдастыру және азаматтық қорғаныс бағытындағы жұмыстарды жетілдіру міндеттері жүктеледі. Ауданның қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыруда жауапкершілік пен кәсібилік танытады деп сенім білдіреміз. Жаңа қызметіңізде сәттілік тілеймін», – деді А.Ибраимов.
Жағал Бейбіт Жақсыбекұлы 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке секторда бастаған. Әр жылдары Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру бөлімінің нұсқаушы-сержанты, жинақтау пунктінің бастығы, Сырдария аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы, жасақтау тобының бастығы лауазымдарын атқарған.
2023 жылдан бастап Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімшесінің бастығы лауазымын атқарып келді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






