Алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты ұсталды

311

0

Фото ашық дереккөз

Қызылордалық ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды. Ерлі-зайыптылар биылғы шілде айында жәбірленушіден 8 млн теңге ақшаны алдап алған.

Олар жәбірленуші азаматшаға Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген уәде берген.

«Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызылорда қалалық мамандандырылған соты ерлі-зайыптыларды 2 ай мерзімге қамауға санкция берді. Тергеу жүріп жатыр», – деп мәлім етті департаменттен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<