
1974 жылғы 22 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, сондай-ақ Ұлыбританияның Ланкшир университетінің «БАҚ-тағы менеджмент» сертификатына ие. 1994-1995 жылдары «Макс» телерадиокомпаниясында радиожүргізуші, 1995-1997 жылдары «31-арнада» тележүргізуші болып жұмыс істеді, 1997-1998 жылдары «City» телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалар жөніндегі директоры, 1999 жылы «Радио Караван» директоры лауазымдарын атқарды. 1999-2008 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Одан кейінгі жылдарда «Таң» телерадиокомпаниясы» ЖШС-тің, «Тенгри ФМ» радиосының бас продюсері, 2012-2014 жылдары «SKYMAX MEDIA» бас директоры, 2014-2016 жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерінің директоры болды.
2016-2008 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хат алған. Қысқаша анықтама: Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы 4 желтоқсан күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген. Магистр дәрежесі бар. Агенттіктегі қызметін 1999 жылы бас редактор ретінде бастаған.
Кейін продюсер, 2002-2004 жылдары бағдарламалар дирекциясы басшысының орынбасары, 2005-2011 жылдары бағдарламалар директоры, 2012-2016 жылдары – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<