«AMANAT»: радиоактивті қалдықтардың экологияға әсері талқыланды

237

0

Бүгін облыстағы радиоактивті қалдықтардың экологияға әсері жайлы «AMANAT» партиясы жанындағы аймақтық Экологиялық кеңес отырысында қаралып, талқыланды.


Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, аймақтық кеңес төрағасы Ж.Нұрымбетов, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жедел уәкілі Е.Мырзакәрім және уран өндіруші мекемелер басшылары, кеңес мүшелері мен эколог сала мамандары қатысты.


Алдымен Кеңес төрағасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жайын атап айтты.


«Президент Жолдауы Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарын айқындап берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдардың өзегіне айналатынын» атап өткен болатын.

Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету.

Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек.

Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда»,- деді Ж.Нұрымбетов.


Партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов өндіріс орындары өкілдеріне Мемлекет басшысы Жолдауында ерекше атап өткендей өнідіріс орындарында жұмыс жасайтын азаматтардың денсаулығы, жақын орналасқан елді мекендердің экологиялық ахуалы басты назарда болу керектігін атап өтті.


Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес өңірімізде уран өндіруші «Байкен-U», «РУ-6», «Қызылқұм», «Семизбай U» мекеме басшыларының азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары есебін тыңдап, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңес отырысына ұсынылған мәселелер толық қаралып, ұсыныстар хаттамаға енгізілді.
Жиынды қорытқан Кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов айтлған мәселелерге қатысты алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жасалатындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<