Амангелді Құрмет AIQYN газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды

954

0

Амангелді Құрмет AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі газеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Амангелді Құрмет 1979 жылы туған.

1998-2003 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған.

2003-2006 жылдары «Астана ақшамы» газетінде жауапты хатшының орынбасары;

2006-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор;

2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы;

2013-2014 жылдары Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы;

2015-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы;

2016-2018 жылдары «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары;

2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы;

2019-2020 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі;

2020 жылдан қазірге дейін AIQYN газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілдерін жетік біледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<