
Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты.
Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуе айлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж – 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды», – делінген ААК telegram-каналында.