Арал спортшылары аудан мерейін үстем етті

7

0

Аудан спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан мерейін абыроймен қорғады. Жыл көлемінде түрлі спорт түрлері бойынша ел чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, аудан спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Атап айтқанда, таеквондодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында З.Қажымұқан ІІІ орын иеленсе, 3х3 баскетболдан өткен ҚР чемпионатында Д.Шаңбай қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында М. Махамбет U-17 жасөспірімдер арасында І орын иеленді. Сонымен қатар, U-20 жастар арасында Ә.Кабулов пен А.Болатұлы Қазақстан чемпионы атанып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер күресінен Р.Жамсапқызы ІІ орынға ие болды.

Гір спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында аудан спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, Н.Бахиев, С.Қартбайұлы, Қ.Байназаров, Қ.Разақов, А.Өмірбаева және М.Махамбетов ІІ орындарға қол жеткізсе, А.Бектай, Э.Қарабекұлы, І.Алтынбекқызы, Г.Бахиева, Т.Есентүгелов және Ғ.Жаңаберген ІІІ орын иегерлері атанды.

Бокстан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында А.Оразғалиева ІІ орын иеленіп, Ж.Уткелбаева ІІІ орынға тұрақтады. Еркін күрестен өткен ҚР чемпионатында М.Болатбеков ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ә.Марат І орын алып, аудан намысын жоғары деңгейде қорғады.

Аталған жетістіктер аудан спортшыларының дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, жаттықтырушылардың жүйелі еңбегі мен бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін айқын дәлелдейді.