Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

124

0

фото: Amanat партиясы

Кеше «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ардагер ұстаз Асылзат Сұлтангерейқызын мерейлі 85 жасымен құттықтап барды.

Онда ғибраты ғұмырын ұрпаққа сапалы білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстазға партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлының құттықтауын табыстап, сый, құрмет көрсетті.

Үлкенді қадірлеп, кішіге ізет жолын көрсеткен партия басшылығына қарт ана ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Дана халқымыз «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді. Асылзат Сұлтангерейқызы 40 жылдан астам уақыт ұстаздық қызмет жасап, өңірдің білім саласының дамуы мен жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосқан. Ел игілігі жолында атқарған еселі еңбегінің нәтижесінде «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Бірнеше мәрте «Жыл мұғалімі» атағын иеленген ұлағатты ұстаз.