Арнайы экономикалық аймақ мүмкіндіктері

5

0

Әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі – «China State Construction Engineering Corporation».

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың осы компания өкілдерімен кездесуінде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар ау­мақта «Қорқыт Ата» арнайы эко­но­микалық аймағы құрылған болатын. Қазір эко­номикалық қызметтің 18 ба­сым түрі айқын­далған. Атап айтқанда, құрылыс материал­дарын өндіру, ма­шина жасау, электр жабдықтарын шы­ғару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, авто­көлік және авиациялық техника өндірісі сынды бағыттар бар.

Сонымен қатар Қызылорда облы­сында индус­триялық инфра­құры­лым­ды дамы­туда нақты жұмыстар ат­қарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 ин­дустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» ин­дустрия­лық айма­ғында құрылыс мате­риал­дары, шыны өндірісі, керамика және өнер­кәсіптік өнім шы­ғару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.

Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфра­құ­ры­лымды дамыту, өнді­рістік және логис­тикалық нысандарды жандан­дыру бағы­тындағы ынтымақтастықты кең­ей­­туге уағ­даласты. Өзара тиімді әріп­тестікті да­мыту және бірлескен ин­вестициялық жо­баларды одан әрі жал­ғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іс­сапармен келуге ниет білдірді.