Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы өтті

265

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Арнайы отырыста, Қызылорда қалалық білім бөліміне және Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен берілген ұсыныстардың орындалуына, «Инертті жүктерді тасымалдаушылар алдындағы әкімшілік кедергілерді жоюға» және жүк тасымалына қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың ереже талаптарын сақтауына байланысты өткізілген отырыс шешімімен берілген ұсыныстардың орындалуы тыңдалды.
Отырыста, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен халықтың көкейінде жүрген және әлі күнге дейін шешімін таппаған өзекті мәселелер көтеріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халыққа сапалы қызмет көрсету және анықталған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауға ұсыныстар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<