«Атамекен» журналистер арасында байқау жариялайды

291

0

«Атамекен» журналистер арасында байқау жариялайды Қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға байқау жарияланды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, отандық кәсіпкерліктің дамуы туралы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық байқау жариялайды.
Байқаудын мақсаты – отандык кәсіпкерлердің үздік тажірибесін, мемлекет дамуындағы бизнестің әлеуметтік және экономикалық рөлін насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ медиа қоғамдастықты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында насихаттау.
Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, оның ішінде штаттағы және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.
Байқауға түскен жұмыстарды бағалауда тақырыпқа, байқау талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кешігіп түскен жұмыстар қаралымға жіберілмейді. Байқау жұмыстарын бағалауда, материалдың кәсіптік деңгейі, жаңашылдығы, эксклюзивтілігі, стиль, мазмұндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен растығы ескерілетін болады.
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, келесі электронды мекенжайға жіберу керек – pr@atameken.kz («Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті).
Байқау жұмыстары өтініш берілгеннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, 010000 Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 2642-кабинетіне пошта арқылы жіберілу керек. Егер байқауға түскен жұмыс ережеде көрсетілген шарттарға сай келмеген жағдайда, Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтінімін байқауда қарастырмау құқығын  иеленеді.  
Бұқаралық ақпарат құралдарында  2018 жылдың 1 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жарияланған материалдар байқауға қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі байқау жарияланған күннен бастап  2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.
 Байқаудың аталымдары:
 * Баспасөз БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
*Телевизиядағы үздік репортаж: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм;
* Интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
* Үздік радио-сюжет.
 Материалдарды ұсыну тәртібі:
 Әр материалға бөлек өтінім беріледі (өтінім еркін формада жіберіледі, өтінім үлгісін жүктеу). Онда БАҚ жетекішісінің қолы, автордың аты-жөні, жұмыс орны, қызметі мен байланыс деректері көрсетіледі (электронды мекенжайы мен телефон нөмірі). Аудио и бейнематериалдар эфирлік анықтамалармен қоса беріледі. Байқауға қатысуға өтінімдер хабарландыру шыққан күннен бастап қабылданады.    Телевизиялық жұмыстар – DVD-дискілерде, аудио мен фото жұмыстар – CD-дискілерде, ал баспа материалдар Word форматында және материал шыққан басылымның PDF форматында (скан көшірме БАҚ жайында ақпарат пен шығыс деректер көрсетілуі тиіс) беріледі. Бейнесюжеттер 2 минуттан кем емес  және деректі фильмдер мен телебағдарламалар 15 минуттан аспайтын хронометражда  DVD форматында  1280х720 рix-тен кем болмайтын көрсеткіште ұсынылады.    Аудиоматериалдар хронометражы 20 минуттан аспайтын mp3 форматында ұсынылады.  Мәтіндік материалдар Word форматында Ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы арқылы қабылданады.  
 Байқау қорытындысы  2018 жыл қыркүйек айының соңында «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында –  www.atameken.kz  жарияланады.  
 Қосымша ақпаратты: «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінен алуға болады: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz  
«Бизнестің жол картасы ¬– ¬2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында  Бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік материалға республикалық байқау ережелерін бекіту туралы бұйрық  
 «Бизнестің жол картасы ¬– ¬2020» мемлекеттік бағдарламасы және қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы артықшылығы, жетістіктері жайында Бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық байқау ережесі.  
БАЙҚАУДЫҢ ӨТІНІМ ФОРМАСЫ  
http://atameken.kz/kk/news/30348-atameken-ob-yavlyaet-konkurs-sredi-zhurnalistov 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<