Шиелі ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кенеден тарайтын түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру (улау) жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда тиісті мамандар тарапынан белгіленген аумақтарда арнайы дәрі-дәрмектермен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты аудан тұрғындарынан жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
Шиелі ауданы әкімдігі аудан тұрғындарын қауіпсіздік үшін улау жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарға рұқсатсыз бармауларын және мамандардың талаптарын сақтауын сұрады.






