Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген танымал актер Қажет Смағұл алғаш рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол 8 тамызда жұбайымен және сәбиімен бірге түскен суретін жариялады. Алайда ол әзірге нәрестенің жынысы мен есімін көпшілікке айтқан жоқ. Отбасы мүшелерінің жүзін де эмодзимен жауып қойған.
Актер 50 жасында алғаш рет әке атанғанын жазды.
“50 жаста балалы болған керемет екен, отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар”, – деп жазды ол.
Алайда актердің әке атанғаны туралы жазбасының астында құттықтаулармен қатар жағымсыз пікірлер де жазылған. Қажет Смағұлов оқырмандарынан теріс пікір қалдырмауды алдын ала өтінгенімен, кей қолданушылар сын айтқан.
“Біртүрлі ата осы”, “Артқа қаратып, еще жүрек қойып тұрып жауыпсыз. Не көрінді”, “Үйленгендеріңе 3 ай енді болды емес пе”, – деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін актердің жеке өміріндегі жаңалық көпшіліктің назарын аударған еді. Биыл мамырда ол келіншегінің өзінен 25 жас кіші екенін жасырмай айтқан.






