Аудан әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекесімен құттықтады

117

0

Сырдария ауданы әкімі Ғанибек Қазантаев бастаған атқарушы билік өкілдері бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы ардақты ардагерлерге зор денсаулық, мол бақыт тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың және өзінің Құттықтау хатын, мерекелік сыйлығын табыс етті.
Майдангерлерді құттықтау шарасына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Байдушев және тағы да басқа атқарушы билік өкілдері қатысты.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Я.Тасыров, М.Бержанов, Д.Сақтағанов майдан даласындағы көрген қиындықтары туралы естеліктер айтып, Жеңіс мерекесіне орай құрмет көрсеткен аудан басшыларына ақ батасын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.