Аудан жастары «Болашақ» бағдарламасының стипендиантымен кездесті

189

0

Кеше Арал аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Lectorium» кездесулер сериясы аясында қаладағы Ә.Нұрпейісовтің әдебиет үйінде белсенді жастардың журналист Нұрбек Әмишамен кездесуі өтті.
Нұрбек Шынтемірұлы Әмиша – Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында дүниеге келген. Журналист, әр жылдары облыстық «Халық», «Сыр бойы» және республикалық «Айқын» басылымдарында қызмет еткен. Сонымен бірге, «Қазақстан – Қызылорда» және «Хабар» телеарналарында жұмыс жасап, бүгінгі күні «Хабар» арнасының бас редакторы қызметін атқаруда.
Сонымен бірге, 2016-2018 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.
Кездесуге қатысқан жастар сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында мамандық таңдау, журналистика, «Болашақ» бағдарламасы бойынша пікірлер ортаға салынды.
Кездесу соңында Нұрбек Шынтемірұлына аудан жастары атынан кездесуден естелік ретінде Орта Азия жастарының көшбасшысы, шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаев атамыздың кітабы табысталды.