Ауа райы күрт суытуы мүмкін

594

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов өңірлік телеарна тілшілеріне алдағы аптада ауа райының күрт суытуы мүмкін екендігін айтты.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 7-8 қаңтарында жауын-шашын, түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін. 9-13 қаңтарда өңірде қар жауып, ауа температурасы күндіз -10-13 градусқа дейін суытса, түнде -20-24 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.


Осыған орай өңір тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды ескертеміз.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<