Аудандарды аралады

599

0

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласында іссапарда болды.

Амиржан Сермаханұлы аудандық полиция бөлімдері қызметкерлерімен атқарылған іс – шараларды пысықтап, жұмыс жағдайымен танысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті еске салып, заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде ішкі істер органдарында енгізілгелі жатқан Integrity Check жоба арқылы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеру де бар.

«Жеке құрам арасында заңдылықтарды сақтау мен тәртіпті нығайту мәселесі департамент  басшылығының ұдайы назарында.

Қызметкерлеріміздің заңсыздықтарға жол бермеуі үшін үнемі алдын алу шараларын өткіземіз. Жемқорлықты болдырмау, қызметкерлердің кәсібилігін шыңдау бойынша да шаралар қабылдаудамыз. Полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы сымбатын да назарға аламыз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып отырмыз» деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы.

Кездесу барысында ғимараттардың тазалығы, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалануы, көлік құралдарының техникалық жағдайы, түнгі мезгілде бөліністердің автотұрақтарына шоғырлану тәртібі, жанар-жағармай материалдарының электронды карточкалық жүйеге көшуіне байланысты дұрыс пайдалану мәселесі де қозғалды.

Сонымен қатар, бұл кездесулерге қызметкерлердің ата – аналары мен жұбайлары келіп, қатысты.  

Әміржан Сермаханұлы қызметкерлердің жақындарымен кездесіп, олқылықтардың алдын алу бағытындағы шаралар туралы сөз қозғады.  Бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана оң нәтижелерге қол жеткізілетінін айтты.

Кездесулер мағыналы әрі мәнді өтті. Алдағы уақытта Амиржан Сермаханұлының бастамасымен өткізіліп жатқан мұндай  шаралар жалғасын таппақ.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<