Қазалыда ҰБТ-ға дайындық пысықталды

231

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы кеңейтілген мәжіліс өтті.
Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали мектеп бітіретін 790 түлектің 556-ы тестілеуге қатысатынын мәлімдеп, жыл ішінде алынған сынама тестілеу қорытындыларына тоқталды.
Аудан басшысы ҰБТ-ға қатысу пайызы мен сынама тестілеу жұмыстарынан бірнеше рет орташа балдық көрсеткіші төмен болған мектептерді атап, педагогикалық мамандарының сапалық құрамдарына талдау жасауды және олардың кәсіби деңгейін арттыру жұмыстарын үйлестіруді тапсырды. Оған қоса тестілеуде балалардың моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керектігін баса айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<