Қазақстандағы ЖОО-лар жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылуда

290

0

Қазақстандағы Жоғарғы оқу орындары жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан, яғни лицензиядағы қосымшалардан айырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында брифинг өткізген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл «Білім туралы» заңның «ЖОО-лардың академиялық дербестігі» бөлігіне өзгерістер енгізілген болатын. Шынында да, ЖОО-лардың жауапкершілігі артып келеді. Сондықтан, ЖОО-лардың бірқатары бірігіп, «Академиялық адалдық лигасын» құрғалы жатқанын жариялады. Біз бұл қадамды қолдаймыз. Сонымен бірге, министрлік тарапынан ЖОО-лардың білім бағдарламасына талаптар күшейтіліп келеді. ЖОО-ға жұмысқа тұру тұрғысында да талаптар күшейтілетін болады», – дейді вице-министр. Демек, университет белгілі бір мамандық бойынша мамандарды дайындап, бұл ЖОО түлектері оқу бітіргеннен кейін жұмыс таба алмаса – онда БҒМ ол оқу орындарының алдына «Қажетті мамандарды дайындап жатырсыздар ма? Ол мамандықтың қажеті бар ма?» деген сұрақтарды кесе-көлденең тартады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<