Баспанасы жоқ қазақ ақынына бейтаныс кәсіпкер Астананың қақ ортасынан пәтер сыйлады

403

0

Белгілі қазақ ақыны Серік Сейітманға жомарт азамат Астананың қақ ортасынан пәтер сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ақын Талант Арғынғали өзінің Facebook парақшасына жазды.

«Сүйінші! Серік Сейітман бауырымыз үйлі болды!

Ақынның өнеріне бас иген кəсіпкер азамат Серікке Астана қаласының орталығынан пəтер сыйлады. Бұл қуанышты жаңалықты өзінің атын жұртқа жарияламауды өтінген атымтай жомарт кеш соңындағы дастарқан басында мəлімдеді.

Серік бұған дейін жатақханада тұрып келген болатын. Қоныс той құтты болсын дейміз!», – деп жазды ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<