Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-10» көліктік жүк кемесін (КЖК) ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) қорытындысы бойынша, МКС-57/58-дің негізгі және қайталама экипаждары «Союз МС-10» КЖК-да және Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментінде ұшырылымды орындауға әзір, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.
«Союз МС-10» көліктік ұшу кемесінің негізгі экипажы – Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга, сондай-ақ олардың дублерлары – ресейлік ғарышкер Олег Кононенко мен канадалық автронавт Байқоңыр ғарыш айлағында ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңіне кірісуге дайын.
Экипаж Байқоңырға ұшырылымға екі апта қалғанда келеді деп күтілуде.
МКС-57/58 экипажы бар «Союз МС-10» КЖК Байқоңыр ғарыш айлағынан 2018 жылдың 11 қазанында Астана уақытымен 14 сағат 40 минутта ұшырылмақ. Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга ғарышта 187 тәулік болатыны жоспарлануда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<