Конституция

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек шұғыл мәлімдеме жасады

4

0

Фото: коллаж politico.kz

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақстандық Жәнібек әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, туған анасын іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, әзірге іздеу барысы туралы толық ақпарат бере алмайды. Себебі бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр.

«Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты», – деп жазды Жәнібек.

Сондай-ақ ол өзінің перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа сәбимен шатастырылып кеткен болуы мүмкін деген болжамын айтты.

«Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін», – деді ол.