
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде жаолдамдығы 23-28 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.