Бүгін Халықаралық медбикелер күні

590

0

12 мамыр Халықаралық медбикелер күні, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар жасақтарын ұйымдастырып, оларға басшылық еткен ағылшын медбикесі –  Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі.

Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік 50 медбикеге Флоренс Найтингейл атындағы медальдарды тапсырады.