Демалыста күн жаңбырлы болады

283

0

«Қазгидромет» РМК 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мамырдағы шуақты және жылы күндер жауын-шашынды және суық күндерге ауысады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн жаңбырлы, найзағайлы болады деп болжанған.

«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райынан кейін, жаңбыр, кей жерлерде күшті екпінді жел соғады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін қатқақ сақталады», – деп жазылған хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<