
«Менің негізгі міндетім – Британия сән кеңесін(BFC) және барша фэшн-дизайнерлерді қолдау. Осы міндетті толыққанды атқара отырып, отандық сән үйлерінің АҚШ пен Қытай сынды ірі киім нарығында ұтымды сауда ж8ргізуіне септігімді тигізу», – деді Бекхэм Vogue журналына берген сұхбатында.
Бұл жұмысты жүзеге асыру жолында ең бірінші жасалатын дүние – білім беру. Жастар арасында сән өндірісіне деген қызығушылықты арттыра отырып, тегін оқуға мүмкіндік туғызуды алға қояды. Дэвид Бекхэм 2020 жылға дейін осы қызметті атқарады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<