Әділбек Ниязымбетов Қазақстанның құрметті азаматы атанды

275

0

Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы және әлем вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетовке «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапатты Әділбек Ниязымбетовке елордада ҚР Президенті кубогы VII халықаралық бокс турнирін өткізу кезінде табыс етілді.

«Қазақстанның құрметті азаматы» атағы еліміз бен елорданың экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін беріледі. Боксшыға құрметті азамат куәлігі мен медаль табысталған. 

«Еліміздің «Құрметті азаматы» атағын алу мен үшін үлкен абырой. Бұл маған жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, алға қарай жылжуға серпін береді», – деді Әділбек Ниязымбетов.

Еске салайық, 2018 жылы Әділбек Ниязымбетов боксшы мансабын аяқтады. Ақтаулық боксшы бірнеше рет әлем чемпионатының финалына шығып, Қазақстан чемпионаты мен бірқатар халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<