Діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы семинар-кеңес

280

0

Діни сауаттылықты арттыру және руханиятты нығайту мақсатында Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде діни экстремизм мен терроризмді профилактикалау жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Кеңеске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы қатысты.
Онда жеке құрамға діни бағыттағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары,  елдегі діни жағдайдың жай-күйі,  ұлттық құндылықтар және дәстүрлі діннің сабақтастығы туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар қызметкерлерге қоғам үшін діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін жеткізді.

Қазақстан  – әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері бейбітшілік пен достықта өмір сүріп келе жатқан көп ұлтты мемлекет болып табылады. Қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздікке, аумақтық тұтастыққа, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығына шынайы қауіпті экстремизм бағытындағы әр түрлі туындылар  келуде.  Бұл ретте жікшілдікке,  ұлтаралық және конфессияаралық шиіленіске жетелейтін діни экстремизм қауіпті. Тұрғындардағы толеранттықтың қалыптасуы, халықтың  діни және рухани-тәрбиелік сауаттылығының болуы маңызды», – деді Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы.

Экстремизм  және дін  құндылықтарын  бұрмалаушылық діннен мүлдем алшақ жатқан ұғымдар екенін түсіндіріп, әлемдегі барлық дәстүрлі жаһандық дін атаулы ешқашан озбырлық пен зорлық-зомбылықты қабылдамайтындығын, керісінше адамгершілікке, өзара түсіністікке, өзге ұлттар мен сенім-нанымдарға барынша құрметпен қарауға шақыратындығы турасында сөз қозғады.  Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді, жалпы жастарды керағар ағымдардан сақтандыру жайын әңгіме етті.

Қазалы ауданы ТЖБ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<