eGov-та ЭЦҚ-сыз салық төлеу қызметі пайда болды

340

0

eGov.kz порталында «Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу» қызметін іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықтарды және міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы (2 түрде); жеке табыс салығы (3 түрде); әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы (2 түрде); ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы (6 түрде); акциздер (12 түрде); арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы (10 түрде); экспортқа салынатын рента салығы(2 түрде); ойын бизнесіне салық (2 түрде); тіркелген салық; алымдар (10 түрде); төлемдер (15 түрде); кедендік төлемдер (27 түрде); басқа төлемдер (2 түрде); баждар (2 түрде).

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып табылады.

Еске сала кетейік, бұрын порталда жеке тұлғалар үшін салықтардың 4 түрі ғана төлем үшін қолжетімді болатын: мүлікке салық, көлікке салық, жер салығы және өсімпұл, айыппұлдар, салықтарға берешегі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<