Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу құны өзгерді

233

0

Фото: ©Pixabay.com

Қазақстанда 16 сәуірден бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ақысы өсті. Бұдан былай ХҚКО мен нотариустың ақысы да әртүрлі болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, сатып алушы жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін меншік құқығын мемлекеттік базада тіркеуі керек. Қызмет ақылы. Тіркеуді ХҚКО арқылы, нотариус пен БНАЖ жүйесі арқылы да өтуге болады. Соның ішінде бұл қызмет түрі жеделдетілген режиммен де көрсетіледі, тек жылдамдық үшін төлем ақысы бөлек болады.

Жаңа мемлекеттік баж салығының мөлшері (ҚҚС есебін қоса алғанда)

Пәтер үшін, жеке тұрғын үй үшін:

— жеке тұлғалар үшін: ХҚКО-да – 1 448 тг, нотариуста — 1 461 тг.

Гараж үшін:

— ХҚКО-да  — 1 435.02 тг, нотариуста — 1 446 тг.

Жер телімі үшін:

— ХҚКО-да  — 1 263.04 тг, нотариуста — 1 259 тг. 

Кондоминиумды тіркеу:

— ХҚКО-да  — 860 тг, нотариуста — 3 402 тг.

Бұған дейін пәтерлерге, үйлерге, гараждарға, учаскелерге құқықтарды тіркеу бірыңғай бағамен жүргізілетін ­– 1 203 теңге.

Кондоминиум нысанын тіркеуге келсек, бұрын оның ақысы 2 404 теңге болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<